1 Қазіргі уақытта Қазақстанда тек екі кітапхана бірегей ақпараттық ресурсқа – Ресей мемлекеттік кітапханасының Диссертациялар электрондық кітапханасына (ЭБД РГБ) қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Солардың бірі – Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана.
1 500 000-нан астам ресейлік диссертациялар мен авторефераттардың толық мәтіні – өз мүмкіндіктеріңізді жаңаша іске асыруға, ғылыми зерттеулердің құнын төмендетуге, ондаған жылдар бойы жинақталған білімді ескере отырып ғылыми көзқарастарыңызды қалыптастыруға және ақпарат алуға кететін уақытты үнемдеуге берілген бірегей мүмкіндік.
Салыстыру үшін: ЭБД РГБ ресми сайтында еркін қолжетімділікте тек диссертациялар мен авторефераттардың (толық мәтінімен) толық каталогымен танысуға және қажетті дереккөзді іздеуге болады.
Қызметкерлеріңіз кез келген тақырыптық (ЭБД РГБ бойынша диссертациялардың толық мәтіндерімен немесе үзінділерімен) немесе патенттік іздеуге тапсырыс бере алады; мұндай іздеулер түрлі ғылыми әзірлемелерді жүргізу кезінде де, кандидаттық және докторлық диссертацияларды жазу кезінде де міндетті элемент болып табылады.
РҒТК – Қазақстанның бүкіл аумағында пайдаланушыларына кешенді қызмет көрсетуге және жеке шешімдер ұсынуға мүмкіндік беретін дамыған өңірлік филиалдар желісі бар кітапхана, сондықтан іздеуге тапсырысты ірі өңірлік орталықтарда орналасқан РҒТК филиалдарында ресімдеуге болады (www.rntb.kz).