Кітапхананың негізгі қорынан тапсырыс берілген басылымдарды оқырмандар оқырман билетін ұсыну арқылы алады. Құжаттарды беру және қайтару автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.
Кітапхана жұмысының штаттық режимінде сұраныстарды қабылдау және қорлардан әдебиеттерді беру кітапханада белгіленген жұмыс уақытында оқырман билетін көрсету бойынша жүргізіледі және ол жабылғанға дейін 30 минут бұрын тоқтатылады.
Құжаттарды беру және қайтару автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады. Тапсырыстар талап етілген сәттен бастап 10-15 минут ішінде орындалады. Шалғайдағы қоймалардан алынатын тапсырыстар 1 сағат ішінде орындалады.
Анықтамалық қызмет бөліміндегі кезекші кітапханашылар оқырмандарға қорлар, каталогтар, кітапханадағы барлық қызмет көрсету мәселелері бойынша онлайн-кеңес береді.