7 мамыр – Отан қорғаушылар күні — батылдық пен ерліктің, намыс пен Отанға деген адалдықтың символы болып табылатын мемлекеттік мереке.
2026 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері өздерінің құрылғанына 34 жыл толуын атап өтеді. Мереке тарихы 1992 жылғы 7 мамырдан, яғни тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойылған күннен бастау алады. 2012 жылдан бастап бұл күн ресми мемлекеттік мәртебеге ие болды.
Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде патриоттық рухты нығайтуға және Отан қорғаушыларға деген құрметті арттыруға бағытталған салтанатты іс-шаралар, концерттер, патриоттық акциялар мен ардагерлермен кездесулер өткізіледі.
«Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КеАҚ Ақтөбе филиалы барлық әскери қызметшілерді, ардагерлерді және өмірі Отан қорғаумен байланысты барша азаматтарды осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтайды!
Сіздерге мықты денсаулық, бейбіт аспан, бақ-береке және ертеңгі күнге деген нық сенім тілейміз!
