Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңызды ой-толғамдары топтастырылған жаңа жинақ шықты

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға –
шыншыл сөз» атты таңдаулы сөздер жинағы жарық көрді.
Бұл жинақта Мемлекет басшысының ел болашағы, әділетті қоғам, қауіпсіздік және
өркендеу жолындағы ұстанымдары мен әр жылдары айтқан маңызды ойлары
топтастырылған. Кітап 30 жылдан астам кезеңді қамтиды – 1990 жылдардағы мұрағаттық материалдардан бастап соңғы сөйлеген сөздері мен жарияланымдарына дейін.