Қазақстан Республикасында ғылымды стратегиялық дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспары 🇰🇿
Қазақстанда алдағы бес жылға арналған ғылымды дамытудың жаңа кешенді тәсілі әзірленуде.
📌 Жоспар жобасы төрт стратегиялық бағытқа біріктірілген 72 іс-шараны қамтиды:
🔹 ғылымды басқаруды жетілдіру;
🔹 кадрлық әлеуетті дамыту;
🔹 салалық және өңірлік ғылымды дамыту;
🔹 бірыңғай инновациялық экожүйені қалыптастыру.
Басты міндет – ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыру және ғылыми әзірлемелерден оларды экономикаға практикалық енгізуге көшуді қамтамасыз ету.
Ғылыми инфрақұрылымды, цифрлық технологияларды, жасанды интеллектіні дамытуға, ғылыми кадрлар даярлауға және ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылына ерекше назар аударылады.
➡️ Жобаның негізгі ережелерімен танысу үшін каруселді парақтаңыз.
Маңызды: 2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша құжат жоба болып табылады және пысықталуы мүмкін.
#НаукаКазахстана #Казахстан #РазвитиеНауки #Наука2030 #Инновации #НаучныеИсследования #Технологии #Цифровизация #ИнновацииКазахстана #НаучноеРазвитие #Казахстан2030




