Qazaq радиосының төрінде — РҒТК президенті Баян Газизқызы және ақпараттық сервис орталығының директоры Айгерим Сагынбайқызы.
Қазақтың үнін қалың елге жеткізіп келе жатқан Qazaq радиосының төрінде Республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың тыныс-тіршілігі, ғылым мен білім саласындағы орны және атқарып жатқан ауқымды жұмыстары жайында мазмұнды әрі әсерлі сұхбат өрбіді. 📚✨
Жылы жүздесу мен тағылымды әңгіме барысында кітапхананың бүгінгі жетістіктері, заманауи бағыттары мен болашаққа бағдарланған бастамалары туралы сөз болды.