Кітапхана тарихын жасайтын адамдар

1 қазан – еңбегі мен өмірлік тәжірибесі ұжымымыз тарихының маңызды бөлігі болып табылатын аға буын өкілдері туралы жылулықпен және құрметпен айтатын ерекше күн.

Осындай мамандардың бірі – «РҒТК» КЕАҚ Ақтөбе филиалының нормативтік-техникалық және патенттік құжаттама секторының меңгерушісі Леонтьева Вера Петровна.

Вера Петровна кітапхана ісіне 35 жылдан астам уақытын арнады, оның 30 жылдан астамы біздің ұжымда. Еңбек жолын 1978 жылы Ақтөбе облыстық ғылыми-техникалық кітапханасында кітапханашы қызметінен бастады.

Жұмыс жылдарында кітапханашыдан басшыға дейінгі жолдан өтті. Жинақтау бөлімінің, техникалық әдебиет пен құжаттаманың арнайы түрлері бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді, ал бүгінде нормативтік-техникалық және патенттік құжаттама секторын басқарады.

Вера Петровна кітапхананың қалыптасуы мен дамуына белсене атсалысты, кәсіби білімін үнемі жетілдіріп, жұмыстың заманауи нысандары мен әдістерін меңгерді.

Оны еңбекқорлық, адалдық, жауапкершілік, табандылық және кәсібіне деген берілгендік ерекшелейді. Көпжылғы адал еңбегі үшін Вера Петровна бірнеше рет алғыс хаттармен марапатталды.

Оның білімі, тәжірибесі және іске жауапкершілікпен қарауы шынайы құрметке лайық әрі кітапханашы мамандығына деген адалдықтың үлгісі.

💐 Вера Петровнаға және аға буынның барлық өкілдеріне мықты денсаулық, амандық, жан жылуы, жақындарының қамқорлығы мен жаңа қуанышты сәттер тілейміз!

Өз еңбегімен кітапхана тарихын жасайтын адамдарға құрметпен.