«РҒТК» КЕАҚ-та Ғылым комитеті мен «НЦГНТЭ» АҚ қатысуымен онлайн-кеңес өтті

2026 жылғы 26 тамызда «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ-та «НЦГНТЭ» АҚ және Ғылым комитетімен бірлесіп онлайн-кеңес өтті.
Кеңеске «НЦГНТЭ» АҚ Басқарма Төрағасы Қайнбаев Н.А., Ғылым комитетінің өкілі Абдикадирова А.А., «РҒТК» КЕАҚ Президенті Алматова Б.Г. және «РҒТК» КЕАҚ филиалдарының директорлары қатысты.
Кеңес барысында конкурстық қаржыландыру аясында 2026 жылғы тамызда атқарылған жұмыс туралы филиалдардың есептері тыңдалды. Қызметтің негізгі нәтижелері, қойылған міндеттердің орындалуы, көрсетілген кітапханалық-ақпараттық қызметтердің көлемі мен сапасы қаралды.
«РҒТК» КЕАҚ Ақтөбе филиалы есепті кезеңдегі жұмыс нәтижелерін ұсынып, пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету, сұраныстарды орындау, нормативтік-техникалық, патенттік және ғылыми-техникалық ақпарат беру, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану жөніндегі қызметтің негізгі бағыттарын атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша тамыз айындағы жұмыс нәтижелері шығарылып, 2026 жылдың қалған кезеңіне арналған филиалдардың алдағы міндеттері мен басым қызмет бағыттары айқындалды.